Қара алтын бағасы төмендеп келеді

673

Сауд Арабиясының жоғалған мұнай қорын қалпына келтірудегі әрекеттері шикізат бағасы түсуіне әсер етіп жатыр. 

Қара алтын бағасы төмендеп келеді

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0.7 пайызға арзандап, баррелі 64.32 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 37 центке төмендеп, барреліне 54,98 долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай өндіруші нысандарына шабуыл жасалған болатын. Ресми Эр-Рияд шабуылдардың Йеменнен емес, Ираннан жасалды деп мәлімдеген еді. Бірақ ресми Тегеран өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер мойнына алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу