Әлемдік экономикадағы жағдай сұранысқа кері әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ бірқатар сарапшы Германия рецессияға ұшырауы мүмкін деп болжам айтуда. Әрі Бейжің мен Вашингтонның арасындағы сауда соғысы әлемдік өсімді тежеуде.
Айта кететін жайт, өткен аптада АҚШ-тың мұнай қоры 3,1 баррельге көбейген.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2,1 %-ға төмендеп, баррелі 58,11 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 2 %-ға қымбаттап, барреліне 52,52 долларды құрады
Лондондағы BNP Paribas SA сарапшысы Гарри Чилингюрянның айтуынша, АҚШ пен Қытайдың сауда келіссөздерінен жаһандық экономика мен мұнай нарығына келетін зиян көлемі өсіп келеді.
Тіпті қос тарап өзара келісімге келген күннің өзінде, бұдан айтарлықтай нәтиже болмайды. Өйткені бір-біріне салынған баж салықтары күшін жоймайды, дейді Bloomberg аналитиктері.
Табиғат Нұрболат