"Қара алтын" бағасы көтеріле бастады

1036

2021 жылы мұнай бағасы дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралады.

"Қара алтын" бағасы көтеріле бастады

Лондонның ICE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай құны 8.35%-ға артып, 28 доллар болды. Ал америкалық WTI баррелінің бағасы 14.82%-ға өсіп, 21,38 долларға жетті. 

Ескере кететін жайт, шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ елдерінің 1 мамырдан бастап бір күндік өндірісті шамамен 10 млн баррельге қысқартуы түрткі болып отыр. 1 мамыр күні таңертең Brent бағасы 27 доллардан, ал WTI баррелі 20 доллардан асқан болатын.

Наурыз айында картель мүшелері келісімді ұзарту туралы ортақ мәмілеге келе алмаған еді. Яғни Сауд Арабиясы мен Ресей тараптарының ойы бір жерден шықпады. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап ОПЕК+ келісімі өз күшін жойды. 
Goldman Sachs болжамына сүйенсек, пандемиядан кейін экономика біртіндеп қалпына келіп, 2021 жылы мұнай бағасы дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу