"Қара алтын" бағасы көтеріліп кетті

1281

Қызыл теңізде ирандық танкерге жасалған шабуылдан кейін, мұнай бағасы өсті. Шабуыл салдарынан мұнай өндіретін негізгі аймақтағы жағдай ушыға түсті.   

"Қара алтын" бағасы көтеріліп кетті

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2,3 %-ға көтеріліп, баррелі 60,46 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 2,2 %-ға қымбаттап, барреліне 54,74 долларды құрады.

Иранның Press TV телеарнасының хабарлауынша, танкерге шабуылдаған екі зымыран Сауд Арабиясынан ұшырылған көрінеді. Бірқатар сарапшы кеме жарылысынан кейін, Таяу Шығыстағы ахуал нашарлап кетуі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, өткен айда Сауд Арабиясының Saudi Aramco нысандарына жасалған шабуылдардың кесірінен әлемдік мұнай өндірісі 5%-ға қысқарған болатын. Бұған дейін мұнай бағасы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысының бәсеңдеуі мүмкін деген болжамдарға байланысты көтерілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу