"Қара алтын" бағасы төмендей түспек

861

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 61,52 доллар болды.

"Қара алтын" бағасы төмендей түспек

Мұнай бағасы төмендей түспек. Бұған Ресей тарапының мұнай өндірісін қысқартуға көшу әлі ерте деп мәлімдеме жасауы түрткі болып отыр. Яғни осылайша ОПЕК елдері мен оның жақтастарының әлемдік сұранысты реттеуіне қатысты күмән туып отыр. 

Ресейдің энергетика министрі Павел Сорокиннің айтуынша, ОПЕК тиімділігін көрсеткенімен, бірқатар мемлекет шектеулер шеңберінен шыға алмай отыр. Сондай-ақ өткен аптада Оклахомадағы мұнай қорының көбейгені туралы ақпарат жарияланды. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 5 центке арзандап, 61,52 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 13 центке арзандап, барреліне 55,68  долларды құрады.

"Ресейдің бұл мәлімдемесі ОПЕК елдерінің өндірісті қысқартуға қатысты ортақ шешімге келе алмағанын білдіреді. Осы фактор және америкалық мұнай қорының өткен аптада көбеюі шикізат бағасының көтерілуін тежейді", – дейді HI Investment & Futures Corp. аналитигі Уилл Сунгчил Юн. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу