"Қара алтын" бағасы төмендеп барады

751

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,4 пайызға арзандап, баррелі 59,04 доллар болды.

"Қара алтын" бағасы төмендеп барады

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысы мұнай бағасының көтерілуіне мүмкіндік берер емес. Жексенбі күні АҚШ-тың құны 110 миллиард қытайлық тауарға салынған қосымша салығы күшіне енген болатын. Олардың қатарында аяқ киім, бірқатар технологиялық тауар мен киімдер бар. Сондай-ақ Бейжіңнің америкалық тауарларға енгізген қосымша салықтары да күшіне енді.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,4 пайызға арзандап, баррелі 59,04 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазанындағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 3 центке төмендеп, барреліне 55,07 долларды құрады.

Ақ Үй басшысы Дональд Трамп жексенбі күні осы айға белгіленген америкалық және қытайлық тараптардың келіссөздері өтетінін айтқан болатын. Бірақ бірқатар инвестор бұдан айтарлықтай нәтиже шықпайды деген пікірде. 

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Вашингтон  бағасы 250 млрд доллар  тұратын қытайлық тауарларға салынған баж салығы 25 %-дан 30 %-ға көтерілетінін мәлімдеген болатын. Ал 15 желтоқсаннан бастап бағасы 160 млрд доллар тұратын қытайлық тауарға 15 пайыздық салық енгізілмек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу