"Қара алтын" бағасы тұрақталып келеді

648

Дегенмен Таяу Шығыстағы шиеленіс пен сауда соғысы инвесторларды әлі де алаңдатып отыр.

"Қара алтын" бағасы тұрақталып келеді

АҚШ болса Қытайға қаражат құйылуын шектеуді қарастырып жатыр. Бұған қарамастан ресми Бейжің өзінің қаржы нарықтарын ашуды жалғастыруда. Дегенмен екі ел 10 қазан күні Вашингтон қаласында кезекті сауда келіссөздерін өткізбек.

Citigroup Inc дерегі бойынша, қос алпауыт арасындағы текетірес кесірінен  мұнай тұтыну өсімі шамамен екі есеге қысқарған. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 26 центке арзандап, баррелі 61,65 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 12 центке төмендеп, барреліне 55,79 долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте дрондар саудиялық Saudi Aramco компаниясының нысандарына шабуыл жасаған еді. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер мойнына алды. Бірақ Вашингтон мен Эр-Рияд қастандықты ұйымдастырған Иран билігі дегенді алға тартты.

Айта кететін жайт, жарылыс пен өрт салдарынан Сауд Арабиясы бір тәуліктіктегі мұнай өндірісі көлемін 9,8 млн баррельден 4,1 млн баррельге дейін қысқартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу