Қара алтын далаға төгіліп жатыр

582

Маңғыстау облысының Қарақия ауданының аумағында, далада қараусыз жатқан ұңғымадан мұнай атқылады.

Қара алтын далаға төгіліп жатыр Фото: бейнеден скриншот

Салдарынан жер бүлініп, экологиялық зиян келді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан соң, экология департаментінің мамандары тексеру жүргізді. Нәтижесінде экологиялық апат болған жер, "Шалва" және "Каминистая нефть" серіктестіктеріне тиесілі болып шықты.

Бірақ, аталған екі серіктестік 2017-жылдан бері қызметін тоқтатқан. Қазір мұнай саласындағы өзге компанияға өтініш жіберілді, бүлінген аймақта залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу