Қара алтын құны арзандай бастады

1013

Қара алтын құны арзандай бастады

Әлемдік нарықта қара алтын құны арзандай бастады. Бұл АҚШ-тың мұнай қоры бойынша апталық есебінің қорытындысында анықталды. Сөйтіп, Брент маркалы мұнайдың қазан айына белгіленген фючерстері 2,70 пайызға төмендеп 51 доллар 30 центке түссе, WTI 2,85 пайызға арзандап 48 доллар 74 центты құрады. Ал бағалы металл керісінше қымбаттай түсті.

Алтынның тамызға бекітілген бағасына сәйкес троя унциясы 1272 долларға жетті. Теңгенің әлемдік валютаға шаққандағы бағамы өзгеріссіз қалуда. Доллар 330 теңге 7 тиын, еуро 389 теңге 94 тиын, Ресей рублі болса 5 теңге 50 тиын шамасында бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу