"Қара алтын" бағасы соңғы 9 аптадағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

929

Brent сұрыпты мұнай баррелі 63,97 доллар болды.

"Қара алтын" бағасы соңғы 9 аптадағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

Бұған Қытай мен АҚШ сауда келіссөздерінің ілгерілеуі себеп. Нақтырақ айтқанда, Қытайдың вице-премьері Лю Хе америкалықтарды ұзаққа созылып кеткен дауды талқылауға шақырды. 
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,57 долларға көтеріліп, баррелі 63,97 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,57 долларға қымбаттап, барреліне 58,58 долларды құрады.

Шикізат бағасының өсуіне сонымен қатар америкалық мұнай қорының азаюы да түрткі болды. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат жөніндегі басқармасының мәліметінше, дизель отынының қоры да қысқарған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу