"Қара алтын" құны соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті

776

Америкалық мұнай қорының қысқаруы нарыққа оң әсерін тигізуде.

"Қара алтын" құны соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті

"Қара алтын" құны соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті. Бағаның былай шарықтауына АҚШ-тағы шикізат қорының азаюы себеп болып отыр.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 24 центке қымбаттап, баррелі 68,16 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 22 центке көтеріліп, баррелі 61,90 долларды құрады.

Америкалық мұнай қоры 1,5 млн баррельге қысқарған. Сондай-ақ Құрама Штаттардағы жұмыссыздық деңгейі соңғы үш аптадағы ең төменгі көрсеткішке ие болды.

"Мұнай бағасы қазан айынан бастап тұрақты түрде көтеріліп келеді. Өйткені сол кезден бері Қытай мен АҚШ елдері біртіндеп сауда келісімін жасауда", – дейді Oversea-Chinese Banking Corp. экономисі Хоуи Ли.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу