"Қара алтын" нарығындағы жағдай тұрақталып келеді

560

Brent сұрыпты мұнай баррелі 63,60 доллар болды.

"Қара алтын" нарығындағы жағдай тұрақталып келеді

Қытай мен АҚШ-тың сауда келіссөздерін жүргізе бастауы мұнай бағасының тұрақталуына әсер етіп отыр. Триггерлердің қатарында америкалық шикізат қорының қысқаруы да бар. 
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 5 центке көтеріліп, баррелі 63,60 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 7 центке қымбаттап, барреліне 58,08 долларды құрады.

Қытай сауда министрлігінің хабарлауынша, Вашингтон мен Бейжің келіссөздердің бірінші кезеңіне қатысты ортақ шешімге келген.

"Сауда тартысы бәсеңдеді, бұл фактор өз кезегінде шикізат бағасының төмендеуіне жол бермейді", – дейді Commerzbank AG аналитигі Карстен Фрич. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу