Қара алтын қымбаттаса Ұлттық қорға түсім ұлғаймақ

670

Brent бағасы жыл соңына дейін 135 АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Қара алтын қымбаттаса Ұлттық қорға түсім ұлғаймақ

2022 жылы мұнай қымбаттаған жағдайда Ұлттық қорға түсетін түсім шамамен 2 трлн теңгеге өсуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, биылғы нақтыланған бюджетте мұнай бағасы барреліне 90 АҚШ доллары болған кезде Ұлттық қорға түсетін түсім 3,9 трлн теңгені құрамақ. 

Республикалық бюджеттегі қара алтын үшін экспорттық кедендік баж 1,8 трлн теңге деңгейінде деп болжанып отыр. 

Осы тұста түрлі сценарийлер кезінде түсімдердің келесідегідей өсуі ықтимал: 
- бір баррель $100 болса, Ұлттық қорға түсетін түсім 500 млрд теңгеге өседі, республикалық бюджетке құйылатын экспорттық кедендік баж – 200 млрд теңге;
- бір баррель $120 болса, Ұлттық қорға түсетін түсім 1,4 трлн теңгеге артады, республикалық бюджетке құйылатын экспорттық кедендік баж – 800 млрд теңге;
- бір баррель $135 болса, Ұлттық қорға түсетін түсім 1,9 трлн теңгеге жетіп, республикалық бюджетке құйылатын экспорттық кедендік баж 1,4 трлн теңгені құрамақ.

Айта кетейік, Goldman Sachs Group Inc. сарапшылары Brent құны 2022 жылдың аяғына дейін барреліне 135 АҚШ долларға жетеді деп болжам жасады. 

Нұр-Cұлтан уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі үшін 106,49 доллар деңгейінде сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу