"Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды": Бетперде киген жігіт жертөледе тұратын отбасыға баспана сыйлады

2468

Жұмбақ жігіт бұл жолы жертөледе тұратын отбасыға барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды": Бетперде киген жігіт жертөледе тұратын отбасыға баспана сыйлады Фото: Бейнежазбадан

Оған 12 жастағы Кәусар отбасының қазіргі тұрмысы туралы баяндап берді.

Қыздың айтуынша, анасы еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сіңілісі эпилепсиямен ауырады.

"Жертөледе тұрамыз. Көп қиындық болады. Ішімдік ішкен адамдар кіріп кетеді. Құбыр атылып кетеді. Тарақандар бар. Анама қалай қиын екенін түсінемін. Алайда қолымнан ештеңе келмейді. Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды", - дейді ол.

Бетперде киген жігіт оған баспананың кілтін табыс етті.

"Сіздер жаңа пәтердің иесі атандыңыздар", - деді қайырымды жігіт.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу