Елордада аты аңызға айналған Қара майор туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда ҚР Қарулы Күштерінің әскери тарихи музейінде Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері Керімбаев Борис Төкенұлы туралы түсірілген деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Сценарий авторлары мен режиссерлері: Әсет Ерназаров және Ғазиз Насыров.
"Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Біздің жерлестеріміз батылдық, ерлік және жолдастық өзара көмек көрсете отырып, өздерінің әскери борышын орындады. Бүгін, отыз жыл өткеніне қарамастан, алыс Ауған соғысы туралы естеліктерді және сол қорқынышты соғыс оқиғаларын жылдар да, қашықтықтар да өшіре алмайды. Сондықтан, біз бұл адамдарды білуге, есте сақтауға және құрметтеуге міндеттіміз, – деді картинаның режиссері Ғазиз Насыров.