Қара малдың 2 мың терісін қырғыз шекарасынан заңсыз өткізбек болған азаматтың жолы кесілді

1039

Қара малдың 2 мың терісін қырғыз шекарасынан заңсыз өткізбек болған азаматтың жолы кесілді

Құжаты жоқ жүкті 26 жастағы қазақстандық Қырғызстанға апара жатқан. Ол Жамбыл облысының шекарасында ұсталды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, Қазақстан азаматы ірі қара малдың екі мыңға тарта терісін жүк көлігіне тиеп, Қырғызстанға заңсыз апармақ болған.
Шекара қызметінің мәліметінше, "Қарасу авто" өткізу пунктінің қазақстандық шекарашылары Қырғызстан мен шекарада 26 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ер адам 2 мыңға жуық қара малдың терісін тиісті құжатсыз өткізбек болған.  Бұл факті Қордай аудандық прокуратура өкілдеріне хабарланды 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу