Қара металл өндірісі тағы да қысқарды

1338

Былтырғы жағдай қайталанатын сияқты. 

Қара металл өндірісі тағы да қысқарды

Еnergyprom.kz  аналитикалық порталының жазуынша, Қазақстанда болат өндірісі 18% қысқарған. Өндіруші үш өңірдің ішінде тек Қарағанды облысының көрсеткіштері оң. 
"Қара металлургия өндірісі қаңтар-тамыз аралығында 6,2% кеміп, 1,1 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Өндіріс көлемі екінші жыл қатарынан азайып отыр. Былтыр өндіріс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 6,8% аз боп шыққан", - деп жазады  Еnergyprom.kz .

Саладағы жетекші үш облыстың екеуінде әзірге табыстан шығын көп. Ал Қарағанды облысындағы ArcelorMittal 8 айда 442,3 млрд теңгенің өнімін шығарып, былтырғы көрсеткішін 8,5% жақсартқан. Ал Павлодар облысындағы KSP Steel мен Ақсу ферроқорытпа зауыты 286,6 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл былтырғыдан 18,7% аз. Ақтөбе облысындағы ферроқорытпа зауыты  202,6 млрд теңгенің өнімін шығарып, былтырғы межеден 14,6% төмен нәтиже көрсетіп отыр.  

Саладағы жағымсыз динамика, әсіресе, болатты өңдеместен шикізат ретінде өткізуге машықтанған кәсіпорындарға тиімсіз болып тұр. Ал болат қаңылтырмен қапталған сэндвич-панелдерге керісінше сұраныс 31,4%-ке артқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу