Румынияда 15 мың қойды тасымалдамақшы болған жүк кемесі апатқа ұшырады. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Хайуандарды құтқару жұмыстарына полицейлер, өрт сөндірушілер мен елдің әскери-теңіз флоты жұмылдырылған. Соңғы мәліметке сүйенсек, 32 Қамбар ата түлігін судан шығарылыпты.
Queen Hind деп аталатын кеме жексенбі күні Румыниядағы Мидия портынан алшақтағаннан кейін, апатқа ұшыраған. Бұл порт Қара теңіз жағалауында орналасқан.
Әзірге апаттың неден болғаны және кеменің қай компанияға тиесілі екені белгісіз. Белгілісі, бортта болған 20 экипаж мүшесінің барлығы құтқарылды. Ресми дерек бойынша, оның 19-ы –сириялық, ал біреуі – Ливан азаматы.
Табиғат Нұрболат