Қара теңіздегі Керчь бұғазы аумағында Танзания жалауы астындағы екі кеме өртенді. Алдын ала болжамға қарағанда, олардың біреуінде жарылыс болған, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.
Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан. Сондай-ақ Росморречфлот, "Кандий" кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі – Түркияның, сегізі Үндістанның азаматы. Ал екінші "Маэстро" кемесінде – 14 адам, жетеуі – Түркия және жетеуі Үндістан азаматы.
Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан шығуы мүмкін деп болжам жасалды.