Қара теңізден газ қоры табылды

916

Түркияның Қара теңізден табылған газ қорының көлемі 710 миллиард текше метрге жетті.  

Қара теңізден газ қоры табылды Фото: pravda.com.ua

Бұл туралы мәлімдемені президент Реджеп Тайып Ердоған жасады, деп жазады inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның дерегінше, қосымша 58 миллиард текше метр көгілдір отын резерві Кайкума-1 кенішінен анықталған.

Осыған дейін бұл ауданнан 652 миллиард текше метр газ табылған. Айта кетсек, Түркияның өзінде мұндай отын өте аз. Сондықтан Анкара газ мәселесінде Ресейге, Әзербайжанға, Иранға, Қатарға, АҚШ-қа, Нигерияға, Алжирге тәуелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу