"Қара тізімдегілерге" несие алуға мүмкіндік берілмек

1516

Халықтың несиені көп алуы экономика қандай қауіп төндіреді?

"Қара тізімдегілерге" несие алуға мүмкіндік берілмек Фото: inbusiness.kz

8 сәуір, яғни бүгіннен бастап банктердің "қара тізіміне" енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар. Енді қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер "қалыпқа келтірілді" деген мәртебе алады, деп хабарлайды  Atameken Business.

Кредит алу үшін қойылатын басты талап: несие жабылғаннан кейін тура 1 жыл өту керек. Оған қоса осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауға тиіс. Несиені рәсімдеу үшін арнайы құжаттар керек емес. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейтін көрінеді.

Бұған дейін, "қара тізімге" іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын. Сондықтан оларға ешқандай несие берілмейтін. Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылмақ. Яғни екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін есептеп, оны біртіндеп жабуға мүмкіндік беретін кесте жасайды.

Алдағы уақытта банктерге борышкерлер сағы тағы да артады. Себебі ипотека нарығында жеңілдетілген несиелік бағдарламалар көбейді. Бұл, әрине, баспанасыз жүрген жандар үшін жақсы. Алайда қарыздың қайтарымы қиындаса экономикамызға қауіп төнуі мүмкін. Ендеше не істеу керек? Несие тарихы нашар борышкерлерге кредит берген дұрыс па? Сарапшылар не дейді?:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу