"Қара тізімге" енгендер қайтадан несие ала алады

7968

Кредит алу үшін несиені жапқанына 1 жыл болу керек. 

"Қара тізімге" енгендер қайтадан  несие ала алады

8 сәуірден бастап банктердің "қара тізіміне" енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Аtameken Business. Енді  қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер "қалыпқа келтірілді" деген мәртебе алады. Кредит алу үшін қойылатын басты талап: несие жабылған кейін тура 1 жыл өту керек. Оған қоса осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауға тиіс. Несиені рәсімдеу үшін Арнайы құжаттар керек емес. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейтін көрінеді.

Бұған дейін, "қара тізімге" іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын. Сондықтан оларға ешқандай несие берілмейтін. Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылмақ. Яғни екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін есептеп, оны біртіндеп жабуға мүмкіндік беретін кесте жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу