Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын шығаруға тағы алты айға тыйым салынады

462

Индустрия министрлігі "Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі. 

Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын шығаруға тағы алты айға тыйым салынады Фото: inbusiness.kz
  • көліктің барлық түрімен мыс қалдықтары мен сынықтарын,  алюминий қалдықтары мен сынықтарын, қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын;
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын;
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін әкетуге.

Құжат қабылданса, тыйым 2023 жылдың 7 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Түсіндірме жазбада бұйрықтың мақсатында түсті металдар сынығы мен қалдықтартапшылығын көріп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру және олардың заңсыз айналымымен күресу шараларының бірі екені айтылған.

Жоба қоғам болып талқылау үшін 2023 жылғы 24 тамызға дейін Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу