Қара және түсті металл қабылдау орындары жіті тексеріледі

2310

Астанада түрлі-түсті және қара металды қабылдайтын 68 орын бар.

Қара және түсті металл қабылдау орындары жіті тексеріледі

Металл қабылдаушыларға 8 млн-ға жуық теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 айда қалада  түрлі-түсті және қара металды ұрлаудың 176 оқиғасы тіркелсе,  оның 31-і ашылған.

Кәріз құдықтарының қақпағы қараңғы көшелерден, ал кабель күзеті жоқ құрылыс алаңдарынан жоғалып жатады. Олар ұрлаған люктерін сындырады, кабельді күйдіріп, қиып металл қабылдау орындарына тапсырады.

Полиция ақпараты бойынша, қалада түрлі-түсті және қара металды қабылдайтын 68 орын бар. Олардың тек үштен бірінің ғана рұқсат құжаты бар.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ҚР заңнамасына сәйкес құрамында түсті және қара метал бар заттарды жинау, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сату қызметімен айналыспас бұрын, әкімдікке алдын ала хабарлау қажет.

Жыл басынан қылмыстық полиция қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, металл қабылдау пункттерінде тоғыз жедел-профилактикалық іс-шараны өткізген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 234 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 7 871 565 теңгені құрайды.

20 желтоқсанда КПБ және ХТЖ қызметкерлерінің жұмыс тобы құрылды. Қара және түсті металл қабылдау бекеттерінде кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу