"Қара жәшіктердегі деректердің мазмұнынан ерекшеленеді": Бозымбаев ғаламторда жарияланған ақпарат туралы айтты

194

Вице-премьер ғаламторда жарияланған ақпараттың бәрін ақиқат деп қарастыруға болмайды деп отыр.

"Қара жәшіктердегі деректердің мазмұнынан ерекшеленеді": Бозымбаев ғаламторда жарияланған ақпарат туралы айтты Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктеріндегі "мәліметтің" желіде тарап кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер вице-премьерден "Ресейлік Телеграм арна апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктеріндегі жазбалардың алдын ала қорытындысын жариялады. Осыған қатысты тергеу амалдары жүргізіле ме? Оларға мәліметтерді кім бергені анықталып жатыр ма?" деп сұрады.

"Мен бұл жазбалармен танысып шықтым. Жарияланған мәліметте экипаж мүшелерінің сөйлескені естілмеді. Біз мұны қара жәшіктердегі жазбалардың жариялануы деп қарастырып отырған жоқпыз. Интернетте белгілі бір мәліметтің шыққаны оның ақиқат екенін білдірмейді. Қара жәшіктердегі деректердің мазмұнынан айтарлықтай айырмашылық бар", – деді Бозымбаев.

Оның сөзінше, борттық өздігінен жазғыштардағы тиісті ақпараттардың ресми жарияланғаны күту қажет. 

Айта кету керек, осыған дейін елімізде АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болатынын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу