Қарабаев бұрынғы басшысы Әлихан Смайыловтың сөзін жоққа шығарды

231

Әлихан Смайылов "ҚТЖ дефолт алдында тұр" деген еді.

Қарабаев бұрынғы басшысы Әлихан Смайыловтың сөзін жоққа шығарды Фото: Primeminister.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев бұрынғы басшысы һәм қазіргі бас аудитор Әлихан Смайыловтың сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Маусым айында Жоғары аудиторлық палата ҚТЖ-ны тексеріп, ұлттық компанияда көптеген мәселелер барын айтқан еді. Тексеріс қорытындысы оператордың шығындарының өзі 2,9 трлн теңгеге жеткенін көрсеткен. Есептеулерді ескеріп, экс-премьер Әлихан Смайылов "ҚТЖ дефолт алдында тұр" деген еді. Көлік министрі Марат Қарабаев болса, Ұлттық компанияның жұмысы тиімсіз деген ұйғарыммен келіспейді.

"Қазақстан темір жолы өткен жылы 130 млрд теңгеден астам пайда тапты", –  дейді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу