Әзербайжанның Қарабақ аумағын өзіне қайтарып алуы үлкен жетістік

309

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі елдері ұйымының мерейтойлық саммитінде осылай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзербайжанның Қарабақ аумағын өзіне қайтарып алуы үлкен жетістік Фото: Anadolu Agency

"Біз жаһандық сын-кедергілерге төтеп беру үшін Түркі әлемі бірге болу керек. Көптеген елде үлкен соғыстар орын алып жатыр. Әзербайжанда отандық соғыс аяқталғаннан кейін 30 жыл бойы оккупацияланған Қарабақ аумағын өзіне қайтарып алды. Бұл Әзербайжанның үлкен жетістігі деп айтуға болады. Қазір біздің өңір бейбітшілікке қарай бір қадам алға жылжыды деуге болады", – деді ол.

Түркия басшысының сөзінше, Армения Әзербайжанға қатысты өзінің міндеттерін орындауы қажет. 

"Тағы да бір маңызды нәрсе – көлік дәлізі. Әзербайжанның батысы мен Нахичеванды қосу керек. Осы көлік жолының ашылуы өңірде барлық елдердің дамуына үлес қосады және Түркияны Орталық Азиямен қосады",  – деді Режеп Тайип Ердоған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу