Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Чарльз Мишель еуропалық саяси қоғамдастық саммиті аясында кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Олар аймақтық көлік және экономикалық инфрақұрылымның құлпын ашу, екі ел арасындағы шекараларды делимитациялау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісім, Таулы Қарабақ халқының құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі, тұтқындармен алмасу және басқа да гуманитарлық мәселелерді талқылады.
"Прага мен Брюссельден кейін біз Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды қалыпқа келтірудің барлық тұстарын талқылауды жалғастырдық. Міндеттемелерді орындау маңызды", - деп жазды Чарльз Мишель Twitter-де.