Қарабақта лаңкестікке қарсы операциялар барысында 60-тан астам жауынгерлік позиция Әзербайжан қарулы күштерінің бақылауына алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trthaber-ге сілтеме жасап.
Кеше Әзербайжан Қарабақтағы конституциялық құрылымды қалпына келтіру мақсатында антитеррорлық операция бастады.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі операцияға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады. Онда:
"Армения қарулы күштеріне тиесілі 20-ға жақын әскери көлік, 40-тай артиллериялық қондырғы, 30-ға жуық миномет, 2 зениттік-зымырандық бөлімше, 2 "Мартира" радиоэлектронды ұрыс стансасы және басқа да әскери техника залалсыздандырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік жасаған мәлімдемеде Армения қарулы күштерінің 60-тан астам жауынгерлік позициясы Әзербайжанның бақылауына өткені айтылды.