Таулы Қарабақтағы Армения және Әзербайжан әскерилерінің қақтығысында 30 шақты армян әскериі қаза тапты. Бұл туралы Арменияның Ресейдегі елшісі Вардан Тоганян мәлім етті.
"Қаза тапқандар саны бойынша деректер сан түрлі. Соңғы мәлімет бойынша, Армения тарабының 30 адамы қаза тапты. Оның басым бөлігі –әскерилер", – деді ол.
Дипломаттың сөзінше, шайқас кезінде тараптар зеңбіректер мен от шашатын қару қолданған.
"Ресейдің арқасында 1994 жылы соғыс тоқтаған еді. 2016 жылы да ресми Мәскеу шиеленістің өршуін тежеген болатын. Қарабақтағы қақтығысты Ресей тоқтатып, тараптарды келіссөздер үстеліне отырғызады деп үміттенемін, өйткені Ресей Минск тобының тең төрағасы саналады", – деді Тоганян.
Табиғат Нұрболат