Қарабақтағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 68 адамға жетті

479

Таулы Қарабақтағы жанармай бекетінің жарылысынан қаза тапқандар саны, Астана уақытымен 00.00-ге сәйкес, 68 адамды құрайды. 

Қарабақтағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 68 адамға жетті Фото: Delfi

24news Ереван порталының хабарлауынша, бұл туралы Қарабақ омбудсмені Гегам Степанян мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"22.00 (00.00 Астана уақ.) жағдай бойынша жарылыс салдарынан расталған өлім-жітім саны 68 құрайды (21 адамның жеке басы анықталды). Зардап шеккендердің саны — 290", - делінген Степанянның мәлімдемесінде.

Ал Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян Үкімет жанындағы гуманитарлық орталықта өткен брифингте кем дегенде 125 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, олардың сүйектері Арменияға жеткізілген.

"Бүгін біз Таулы Қарабақтан ол жердегі жарылыс кезінде қаза тапқандардың 125 мәйітін тасымалдадық. Олар Сот медицинасы орталығының тиісті бөлімшесіне жеткізіледі", — деді министр.

Кейінірек Армения Денсаулық сақтау министрлігі Аванесянның Қарабақтан қаза тапқандардың 125 денесі шығарылды деген мәлімдемесі Степанакерт маңындағы бензин қоймасының жарылуымен байланысты емес деп хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян Таулы Қарабақтан Арменияға жеткізілген мәйіттердің жалпы санын айтты", — деп түсіндірді ДСМ.

Кеше Таулы Қарабақтағы Степанакерт — Аскеран жолындағы бензин қоймасында жарылыс болды, 200-ден астам адам жарақат алды.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 20.00 шамасында болды (Астана уақытымен 22.00). Зардап шеккендер Степанакерт медициналық орталықтарына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу