Қарабалық ауданындағы ферма бес жылдан бері күн сәулесі энергиясын пайдаланып отыр

1155

Қарабалық ауданындағы ферма бес жылдан бері күн сәулесі энергиясын пайдаланып отыр

Баламалы қуат көздері қыруар қаржыны үнемдейді. Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы ферма бес жылдан бері күн сәулесінен алынған энергияны пайдаланып отыр, деп хабарлайды khabar.kz.

Шаруашылық құрылғыларды орнатудың өзінен 60 млн теңге қаражат үнемдеген. 6,5 мыңнан астам ірі қараны 9 малшы ғана бағады. Өйткені жануарлар 5 киловольт тоқ беретін қоршаудан асып кетпейді. Ферма аумағында тап осындай үш нысан бар. Олардың әрқайсысы электр жүйесіне негізделген жабдықтармен салыстырғанда 15-20 млн теңгеге арзанға түскен.

"Біздегі негізгі тиімділік – электр қоршауды қолдану. Мысалы бізде 6 000 гектардың үстінде жер қоршалған. Электр қоршаудың ұзындығы – 300 шақырым. Оның барлығы күн сәулесі арқылы шығарылатын энергиямен қамтамасыз етілген", - дейді шаруашылық директорының орынбасары Нұрболат Құтқожаев.

"Әрбір панель шамамен 160 ватт көлемінде қуат береді. Ол аккумуляторға "құйылады". Күн сәулесінен алынған энергия одан әрі арнайы жабдықтарда реттеледі. Оны күн сайын қадағалап тұру қажет", - дейді  ферма меңгерушісі Андрей Матвеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу