Қарабалықта қарақұмық зауыты салынады

1622

Қарабалықта қарақұмық зауыты салынады

Қарабалық ауданындағы Тоғызақ селосының шетінде "СеверАгроПродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қарақұмық зауытының іргетасын қалап жатыр. Болашақ зауыт жылына 12400 тонна қарақұмық жармасын  өндіретін болады, деп хабарлайды egemen.kz. 
Мұндай зауыт Қостанай қаласында да бар. Алайда "СеверАгроПродукт" ЖШС нарықта жарманың сұранысқа ие екенін ескеріп, осы зауытты салуға бел байлады.

"Мұндай зауыттың облыста бар. Нарықты саралай келе біз қоңыр қарақұмыққа қоса жалыл қарақұмықты өңдеуді қола алайын деп отырмыз. Себебі ыстық температураға өңделген қоңыр қарақұмықты Тәуелсіз достастық елдерінде жақсы пайдаланады. Ал Корея, Жапнония және басқа елдер негізінен жасыл қарақұмықты пайдаланады. Сондықтан бұл біздің экспорттық әлеуетімізді күшейте түсетін болады",- дейді шаруашылық директорының орынбасары Хамит Дихаев.

Жаңа зауыттың құрылысына 670 миллион теңге инвестицияны "СеверАгроПродукт" жауапкерлішігі шектеулі серіктестігі өзі салып отыр. Жоғары сапалы жарма өндіретін зауыт келер жылы жұмысын бастағанда 28 адамға жұмыс бермек және жылына бюджетке 25 миллион теңге салық түсіретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу