Қарабатанда орын алған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы "PSI Story industriya" АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалин айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың басшылығымен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел штаб құрылды.
Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердашевтің айтуынша, қазіргі уақытта жұмысшылардың бірінің денесінің 65 %- ын күйік шалып жансақтау бөлімінде жатыр,оның денесінің жоғарғы бөлігін және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған, екінші зардап шегушінің денесінің 10-15%-ын күйік шалған, ол жарақат бөліміне орналастырылған. Олардан бөлек төрт жұмысшының екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген, оларға амбулаториялық емдеу тағайындалып қайтарылған.
"Өрт таңертең 8.10 да шыққан, 8.19 да өрт туралы ақпарат "Батыс сервис плюс"
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне келіп түсті. Біз 42 км қашықтықта болдық. Біздің бөлімшелер өрт орнына келді. Сондай ақ 10 км қашықтықта НСОС компаниясының Қарабатандағы апаттық қызметі орналасқан, оларда өрт сөндіру жұмысына қатысты",- деп мәлімет берді Замир Бердашев.
"PSI Story industriya" АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалиннің айтуынша контейнерлік жатақханада болған өрт салдарынан қаза болған барлық адамдар ОҚО-ның азаматтары, олар жөндеуші-монтаждаушы болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта аталған нысанның жұмысы тоқтатылған. Компания басшылығы қаза болғандардың отбасына материалдық өтемақы төлеп, сондай-ақ зардап шеккендердің еміне қажет қаражатты төлейді.
Қазіргі уақытта өрт болған жерде шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде. Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатын болады. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрттің аумағы 480 шаршы метрді құрады, өрт сөндіруге жеке құрамның 36 адамы және 11 бірлік техника қатысқан.