Контейнер тұрпатты жатақханада болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болы, деп хабарлайды Вnews.kz.
Осыған дейін қайтыс болғандардың саны алтау болғаны айтылған еді. ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша жетінші адам да көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарабатандағы "Газқұбыр электрстансасындағы" бір қабатты жатақхана ғимаратында өрт шығып 480 шаршы метр жер жалынға оранып, салдарынан алты адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.
Қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу