ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке полиция полковнигі Ақынғали Дәрменов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақанғали Дәрменов 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы заң институтын, ІІМ академиясының адъюнтурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы Германиядағы Дж.К.Маршал атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зерттеу орталығында білімін жетілдіріп, 2012 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның Кембридж университетін аяқтаған.