Қарағанды әкімдігі вирус өршіп тұрған кезде мерекелік безендіруге тапсырыс берген

642

Қарағанды әкімдігі вирус өршіп тұрған кезде мерекелік безендіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қарағанды әкімдігі вирус өршіп тұрған кезде мерекелік безендіруге тапсырыс берген

 ҚазТаг-тың хабарлауынша, келісімшарт құны – 193,5 млн теңге. Конкурс ағымдағы жылдың сәуір айында жарияланған. Пандемия кезінде той тойлауға Президенттің өзі шектеу қойғанына қарамастан, Қарағанды билігі тендерге өтінім қабылдауды жалғастыра берген. Ал маусымның аяғында, яғни коронавирус инфекциясының таралуы үдей түскен уақытта шенділер жеңімпазды анықтаған.

Кейін белгісіз себептермен келісімшарттағы сомма 216 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал тендерді ұтып алған шымкенттік компания күнтізбедегі мереке күндеріне орай Қарағанды көшелерін безендіруге міндеттеме алған. Осы уақытқа дейін келісілген қаржының 122 млн теңгесі тапсырысты орындаушының есеп шотына аударылып қойғаны анықталды.

Ал Атырауда қаланы жаңа жылдық безендіру үшін бір тиын да бөлінбейді. Шенділер бюджет қаржысын осылай үнемдеуді ұйғарыпты. Өткен жылы сатып алынған түрлі-түсті мерекелік шамдар мен шыршалар қайта қолданылады. Қалалық әкімдік демеушілердің көмегімен тірі шырша ағашын сатып алуды жоспарлауда. Айта кету керек, өңірдегі бас шырша осыдан төрт жыл бұрын  алынған. Ал, өткен жылы жаңа жылдық безендіруге 18 млн теңге бөлінген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу