19 сәуірде Қарағанды қалалық әкімшілігінің ғимаратында оқыс оқиға болды. Әкімшілікте жұмыскер болып жүрген ер адам ғимараттың төртінші қабатынан құлап кеткен. Бұл фактіні Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсел Садуақасова растап отыр. Алайда шенеуніктер оқиғаның мән жайын тексеру жүріп жатқанын сылтау қылып толық айтпады. Марқұм терезе жөндеп жатқанда құлап кеткен деген болжам айтылады. Ер адам құлаған бойда ауруханаға жеткізілген, алайда оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.
"Бұл фактіге қатысты іс тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Бақытжан Құдияров.
Арайлым Еркебаева