Қарағанды әкімі бүрсеңдеген тұрғындарға жылы жемпір киюге кеңес берді

665

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды әкімі бүрсеңдеген тұрғындарға жылы жемпір киюге кеңес берді Фото: бейнеден Instagram желісі

–  Синоптиктердің болжамына сүйенсек алдағы күндері қатты аяз болмақ. 4-5 күн бойы төмпература айтарлықтай төмендеп, ызғарлы күндер болады деп күтілуде. Барлық коммуналдық қызметтердің, әсіресе жылу көздерінің, сумен жабдықтаудың, су бұрудың және электр энергиясының жұмысын ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Жеке сектор тұрғындарына, балабақшалар мен басқа да ұйымдардың директорларына өтінішім бар. Қақаған аязда, әсіресе түнде сантехниканың, тіпті кәріздің қатып қалу қаупі бар. Су құбырының қатып қалуына жол бермеу үшін су құбырларындағы ағынды және тұрақты айналымды сақтап қалу үшін суық су шүмектерін аязда сәл ашық қалдыруды ұсынамын, – деді қала әкімі Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу