Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тікұшақпен ұшып, су тасқыны қаупі бар деген аумақтарды жоғарыдан қарап шықты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Әуебағыты 580 шақырымнан астам қашықтықты құрап, төрт ауданды қамтыды: Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет және Абай. Су тасқыны қаупі жоғары аумақтар бақыланып, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Жартас және Ащысу су қоймаларының, сондай-ақ Нұра, Шерубай-Нұра,Ащысу, Матақ, Жарлы өзендерінің арналары тексерілді.
Аймақ басшысымен қоса ұшу барысына облыстық ТЖД бастығы Ыбрахым Күлшімбаев, аудан әкімдері, мемлекттік орган жетекшілері қатысты. Облыс әкімі биылғы жылы еріген қар суынан адамдар қаншалықты жақсы қорғалғанын өз көзімен қарап шығуды ұйғарған.
Жыл сайын арнасынан шығатын өзендердің жағаларында қорғау бөгеттері салған және басқа да сақтандыру шаралары ұйымдастырылған. Ол елдімекендерге су кіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Өткен жылдармен салыстырғанда қардағы су көлемі төменірек. Әуеден бақылау барысында өзендердегі судың деңгейі төмендегені байқалады, су тасу және арнасынан шығу қаупі жоқ.
Қазіргі таңда Самарқанд су қоймасынан 15 м³/с., Ынтымақ су қоймасынан - 20 м³/с көлемінде су жіберіліп жатыр. Ірі су қоймаларынан уақытында су жіберіп отыру шарасы өзендердің арнасын жуып өтуге, сондай-ақ су қоймаларында еріген қар суын сыйдыратын бос орын дайындауға мүмкіндік берді.
Аймақтағы су тасқынына қатысты жағдай қайлыпты жәнеде үнемі бақылауда. Жедел штаб күн сайын жағдайды қадағалап отыр.