Қарағанды-Астана бағытындағы автобус қашан қатынайды?

490

Жылдар бойы тасмалдауды билік неге қамтамасыз ете алмай отыр?

Қарағанды-Астана бағытындағы автобус қашан қатынайды? Фото: Ашық дереккөзден

Қарағанды-Астана бағытындағы автобус үш жылдан бері қатынауды тоқтатқан. Енді қарашаның қалың қатары поездбен немесе қалтаны қағатын тасидің қызметіне жүгінуге мәжбүр.

Астана Қарағанды бағытындағы  автобус пандемия кезінде тоқтағанын автовокзал өкілдері де растап отыр. Айтуларынша, жолаушылар саны күрт азайып кеткен. Соның салдарынан жолаушы тасмалдау тиімсіз болып қалыпты.

Ал, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар  жыл сайын тасмалдаушыны анықтауға байқау жарияланады дейді. Бірақ, ниет білдіретіндер жоқ екен. 

Бүгінгі күні аталған екі қала арасында жолаушылар тасымалдайтын автобус бағыты жұмыс істемейді. Басқарма бұл қызмет түріне конкурстарды тұрақты түрде өткізеді. Алайда, бұл шара ылайықты тасымалдаушылардың болмауынан жарамсыз деп танылады.

Ал, Астана қаласы әкімінің бізге берген мәліметінше, тасмалдаушыны анықтауға байқау жарияланыпты. Оның қорытындысы 11-ші шілдеде белгілі болады. Сондықтан, жауаптылар Қарағанды-Астана бағытындағы автобустың бүгін ертең жүретініне кепілдік бере алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу