Тіпті кешеден бері тұрғандары да бар. Бүгін түстен кейін сағат 16.00 шамасында автомобильдер Астанаға қарай бағыт алды.
Қарлы боранда жолда қалған машиналарды 10 колоннаға бөліп, Қарағанды облысының патрульдік полицейлері алып жүрді. Бастысы, жолда қалған жолаушылар зардап шекпеді.
"Қазіргі уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлерімен Ақмола облысының аумағына дейін 1500 автокөлік ілесіп алу жұмыстарымен діттеген жерлеріне жеткізілді. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қазір бұрқасын. Жолдың көрінуі – 20-25 метр. Сондықтан көлік жүргізушілерден ауа райының күрт өзгеруіне байланысты алыс жолға шықпауларын сұраймыз", – дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.