Қарағанды-Астана тас жолында бес адам қаза тапты

475

Алдымен жол жөндеп жатқан жұмыскерді қаққан.

Қарағанды-Астана тас жолында бес адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Осакаров ауданында орын алған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алдын ала болжам бойынша,  "Қарағанды-Астана" тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, көлікті басқара алмай қалып, жол жөндеп жат қан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, "Форд Рейнджер" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу