Қарағанды әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды

573

Халықаралық почта жөнелтілімдері түрінде келген жүктің жалпы салмағы 19 тонна. 

Қарағанды әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды

Гонконгтан Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайына әуе бортымен келген жүктің дұрыс декларацияланбағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кедендік ресімдеу регламентіне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдері Кедендік бақылау нысандарынан жеңілдетілген тәртіппен өтеді. Коммерциялық жүктер кедендік бақылаудың барлық нысандарын қолдана отырып, кедендік ресімдеуден өтеді. Тиісінше, халықаралық почта жөнелтілімдері түріндегі коммерциялық жүкті декларациялай отырып, декларант кедендік бақылаудан жалтарады. Бұл ЕЭК шешімдерін бұзуға жатады. 

Қазіргі уақытта халық тұтынатын дұрыс декларацияланбаған тауарларға қатысты кедендік тексеру жүргізілуде, оның ішінде - қол сағаттары, компьютерлік пернетақта, балалар арналған заттар және т.б. бар.

Осыған байланысты, материалдар Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің автоматтандырылған ақпараттық деректер қорының есебіне тіркелген.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу