Қарағанды ауруханаларына "сәлемдеме" жетпей тұр.

978

Қоғам белсендісі Айсұлтан Жақып аурухана төңірегіндегі  " былықты " шешуді талап етуде.

Қарағанды ауруханаларына "сәлемдеме" жетпей тұр.

Қарағанды қаласының ауруханаларында науқастанушылар қатары артқан.  Ал осы ауруханада туыстары жатқан қарағандылықтар , ем алып жатқандарға керек  - жарағын уақытымен жеткізіп бере алмай , әуре - сарсаңға түсуде. Қарағандылық қоғам белсендісі,  журналист Айсұлтан Жақып науқастарға сәлемдеме жеткізудің қиындап кеткенін мәлімдейді.

Ол Ерубаев көшесіндегі облыстық клиникалық ауруханада жатқан әкесіне беріп жіберген сөмкенің аурухана ішінде адасып жүріп, бір күннен соң жеткенін айтады.  Айсұлтан Жақып денсаулық сақтау саласы басшыларынан мұндай келеңсіздікті дереу арада шешуді талап етеді. Оның айтуынша , аурухана алдында жақын жуығына сәлемдемені тиісінше жеткізе алмай жүргендер көп екен.

"Мүмкін санитар мамандар жетпей жатқан шығар , ондай болса жұртты шулатпай, оны шешу жолын қарастырсын. Еріктілерден көмек сұрасын, әкімшіліктен мамандар беруін талап етсін. Әкем балғын қымыз ішем деген соң , сол кісінің көңілі үшін қанша шақырым жол жүріп ауылдан барып алып келдім. Ол қымыздың жартысын біреу ішіп қойған ба, төккен бе кім білсін ? 6 литр беріп жіберген суы жоқ . Жаңа қораптағы шәйнектің орнына қорапсыз бір шәйнек бере салған. Дәрігерлер күнде өлім көріп жүрміз деп салқын қанды мінезбен жүре бере ме , олардан қанша адам үміт күтіп сол жерде жатыр. Бұл мәселе шешуін табуы тиіс",- дейді Айсұлтан Жақып.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары алғашқыда сөмке көп болғандықтан , санитар мамандардың сәлемдемені шатыстырып алғанын мәлімдейді. 

"Бұл айтылған мәселе бойынша аурухана ішінде қызметтік тексеру жүргізілетін болады. Сәлемдеме көп болған соң , шатыстырып алу тәрізді адами фактор болуы ықтимал. Дегенмен орын алған қолайсыздықтың қайталанбау жағын қарастырамыз,"- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу