Қарағандыда №1 қалалық ауруханаға 67 млн теңгенің заманауи жабдығы әкелінді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Майқұдық қалалық ауруханасында тіліксіз күрделі урологиялық операциялар жасалады. Несеп жыныс жүйесіндегі тасты алу, аденома, киста, нефроптоз және басқа да урологиялық аурулар емделеді. Бұл екі ультразаманауи аппаратты сатып алудың арқасында мүмкін болып отыр: Германияда шығарылған Dornier фирмасының медициналық лазер жүйесі және Olympus фирмасының электрохирургиялық аппараты", – деп жазылған хабарламада.
Аппараттар лизингтік бағдарлама аясында сатып алынды. Техниканың қаржысы 3-5 жылға бөліп төленеді. Қаржы аймақтық бюджеттен түседі. Жалпы белгіленген мерзімде 67 200 000 теңге төлеу қажет.
Қарағандылық дәрігерлерге жаңа аппаратта жұмыс істеу президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігер-урологы, медицина ғылымдарының кандидаты Павел Шолох консультация береді.
"Бәрі тесіктер арқылы жасалады. Бұл науқастардың тез жазылуына ықпал етеді. Бұған қоса, қарсы көрсеткіштердің бір бөлігі жойылады. Мысалы бұрын кесіп жасалатын мұндай ота инсульт алғандарға, қан қысымы сырқатына немесе жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларына шалдыққандарға жарамайтын. Өйткені мұндай ота қан ұйығын тудыруы мүмкін. Енді бұл маңызды емес, өйткені жаңа жабдықпен ота жасау кезінде көп қан кетпейді. Жаңа аппаратпен Қарағандыда ота жасалды", – дейді Павел Шолох.
Қарағандылық мамандар да жаңа жабдықтың көмегімен ота жасауды үйренеді. Оларға медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер-уролог Геннадий Степаненко жетекшілік етеді.
Отаны қажет ететін стационар пациенттеріне операция жаңа технологиялармен тегін жасалады. Салыстыратын болсақ, Астанада мұндай процедуралар, президент іс басқармасы медициналық орталығында орта есеппен стационарда жатуды есептемегенде 265 000 теңге.