Қарағанды автобустарында 20-сәуірден бастап төлем терминалдары орнатылады

780

Қарағанды автобустарында 20-сәуірден бастап төлем терминалдары орнатылады

Қарағанды қаласында 20-сәуірден бастап автобустарда арнайы көліктік пластикалық карталарға арналған төлем терминалдары орнатыла бастайды. Ол жайлы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін енгізу осы жылдың мамырында жоспарланып отыр. Қазір Қарағандыда жобаны жүзеге асырумен айналысатын "Smart-Card" құрастырушы компанияның филиалы құрылып, жұмыс істей бастады. 
"Қарағандылық автопарктерде бар автобустардың алты моделінде барлық өлшеулер жасалды. 20-шы сәуірде терминалдар орнатылып, пластикалық карталар жасала бастайды", - деді Нұрлан Әубәкіров.

Ол сонымен қатар бірінші болып пластикалық карталарды мектеп оқушылары мен жеңілдікке ие жолаушылар: зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар алатынын жеткізді. 
"Smart-Card" компаниясы шығарған осы секілді карталар Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы қоғамдық көліктерде пайдаланылады. 
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Әубәкіров қоғамдық көліктерде электрондық төлем енгізілген соң, жолақы қымбаттамайтынын айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу