Қарағанды автовокзалы Аshyq қосымшасы арқылы жұмыс істей бастады

825

"Қызыл" статусы бар адамдардың аты-жөні ақпарат құралдарында жарияланады. Үкімет карантин талаптарын бұзған жауапсыз азаматтармен енді осылай күреспек. Мұны Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды AtamekenBusiness.

Қарағанды автовокзалы Аshyq қосымшасы арқылы жұмыс істей бастады

Бұған қоса, вице-премьер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бизнес субъектілерін "Ashyq" бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетуді жүктеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Еске салайық, Президент елдегі эпидахуалды жақсарту үшін Үкіметке тура бір ай уақыт берген болатын. Тапсырма орындалмаса шенділер жылы орындарынан айырылуы әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу