Биылғы құрылыс маусымында "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" күре жолының 7 учаскесі жөндеу жұмыстарымен қамтылды, деп жазады inbusiness.kz.
Жол жөндеу бригадалары жол жамылғысын жаңартып, су өткізгіш құбырлар мен жаңа автопавильондарды орнатады.
"Абай өңірінде жөндеу жұмыстарымен Ақсуат және Ащысу ауылдарына жақын жердегі екі учаске мен Аягөз қаласынан шығаберіс жол қамтылды. Ал Қарағанды облысында Матақ ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі төрт жол учаскесі жөнделіп жатыр", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу