Қарағанды аялдамаларында қоғамдық көліктердің бағыттары көрсетілген ақпараттық стендтер пайда болды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық Урбанистика орталығының хабарлауынша, мұндай схемалар туристерге, басқа елдімекеннен келген студенттерге, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға да пайдалы болмақ.
"Қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа тақтайшалар "19-шы орам", "Политех", "Станиславский атындағы театр", "№ 2 емхана", "Ерубаев көшесі" және "1000 ұсақ-түйек" (екі жаққа да) аялдамаларында орнатылды. Стендтер демеушілердің көмегімен пайда болды", - делінген хабарламада.
Облыстық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, көмектесуге ниет білдірген меценаттар табылған жағдайда, қалада ақпараттық стендтерді орнату жалғасады.